1965 жылы 10 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1983-1988 жж. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының музыка-педагогика факультетіне түсіп, «Музыка пәнінің мұғалімі, тәрбиеші-методист» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1992-1997 жылдары Абай атындағы АлМУ-дың қазақ филологиясы факультетінде оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын алды. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының аспирантурасын бітірді. 1988-1989 оқу жылында Ү.Түктібаев ауылындағы балалар музыка мектебінде жұмыс істеді. 1989 жылдан Алматыдағы №123 мг-да музыка, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2003-2005 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясындағы Тұлғаны әлеуметтендіру институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі болып педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты. 2005-2007 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер» институтында зертхана меңгерушісі, Жалпы педагогика кафедрасында дәріс берді. 30-ға жуық жеке және авторлық бірлестікте монографиялары, студенттер мен магистранттарға арналған оқулықтары, мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілерге, ата-аналарға арналған әдістемелік құралдар мен бағдарламалары жарық көрген. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен халықаралық, республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарға жариялаған мақалалары 250-ге жуық. «ЖОО Үздік оқытушысы – 2015» грантының жеңімпазы. Түркиядан шығатын Халықаралық «Journal of institute of economic development and social researches» (IKSAD journal) журналының редакторы. 2005-2020 жылдар аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жұмыс істеді. «Педагогика және психология» факультетінің, «Өнер және мәдениет» факультетінің деканы қызметін атқарды. Университеттің «Қазақ аруы» арнайы курсының тұжырымдамасын жасаған автор және осы пәннен студенттерге дәріс берді. 2020-2021 оқу жылынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Халықаралық Педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі (2014), Қазақ Педагогикалық Ғылымдар академиясының академигі (2019).


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Абай атынд.ҚазҰПУ
Жоғары
1997

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
21.05.2009

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
24.01.2023
Қызығушылығы

5

Конырбаева Сараш Сахиевна

Қазақстанның ғылымы мен өмірі 2020 - г. 10 - стр. 2
6

Конырбаева Сараш Сахиевна

Қазақстанның ғылымы мен өмірі 2020 - г. 5 - стр. 3
7

Конырбаева Сараш Сахиевна

Қазақстанныің ғылымы мен өмірі 2020 - г. 6 - стр. 3
8

Конырбаева Сараш Сахиевна

Formation of cognitive activity of primary school students through samples of folk oral literature 2021 - г. 13 - стр. 16
9

Конырбаева Сараш Сахиевна

ЖОО-ДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КИБЕР ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ 2022 - г. 15 - стр. 140
10

Конырбаева Сараш Сахиевна

Қазақстандық патриотизм – жастардың құндылық бағдарының өзегі (қаңтар оқиғасынан кейін жастар тәрбиесіне талдау мен тұжырым) 2022 - г. 18 - стр. 2
11

Конырбаева Сараш Сахиевна

Қазақстанның болашақ педагог-психологтарының этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру 2022 - г. 13 - стр. 4
12

Конырбаева Сараш Сахиевна

Жасөспірімдердің ұлттық құндылықтарын сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру 2024 - г. 15 - стр. 149